Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  180


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған жер

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Туған жерім – кеңдігім,
Еркіндігім, елдігім.
Туған жерді жырлаймын
Мақтанышпен мен бүгін.

Қайырмасы:
Туған жер –
Бесігімсің сен менің.
Туған жер –
Несібемсің сен менің.
Туған жер –
Жасыл жайлау, көлдерім.
Сенен алтын,
Сенен жарқын
Жер жұмағын көрмедім.
Тілегімсің,
Тірегімсің,
Жүрегімсің сен менің.

Туған жерім – жаным да,
Туған жерім – арым да.
Қол созамын күнге мен,
Туған жердің таңында.

Қайырмасы.

Күлімдеген көкте күн,
Туған жерім – көктемім.
Кең даламда керемет
Қанат жайдым, көктедім.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу