Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  122


Автор: Абдрахман Асылбек

Той жыры

Әнін жазған Меліс Өзбеков

Құтты болсын тойлары,
Жарасыпты ойларың.
Бала емессің, жігітім,
Енді ойлағын.

Жігіттер:
Біз де соны айтамыз,
Келіп, сіз де байқақыз.
Күндеріңді үйленген
Тойлап қайтамыз.

Бәрі бірге:
Кел, құрбылар, қосылып,
Әнге салайық.
Тұрмаңыздар тосылып,
Тамашалайық
Жадырайық күлейік,
Шын думанға кірейік.
Екі жасқа жарасшы
Бақыт тілейік.

Қыздар:
Жақсы ісіңмен жарқылда,
Талабыңнан тартынба.
Тау суындай, жігітім,
Дәйім аңқылда.

Жігіттер:
Келін біздің қырмызы,
Еліміздің жұлдызы.
Мақтан етсіп ауылдың
Сені ұл-қызы.
Бәрі бірге.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу