Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  135


Автор: Абдрахман Асылбек

Берсеңдерші бір хабар

Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Толқыны тербеп тағдырдын,
Шағала болдым шалғайда.
Жаныма жақын жан құрбым,
Шалқытып салар ән қайда?

Қайырмасы:
Алаулаған аспанда
Тыраулаған тырналар,
Ауылдағы асыл достарға
Берсеңдерші бір хабар.

Елімді қалған қиянда,
Қаншама жылдар сағындым.
Беріліп тәтті қиялға,
Төзімнен тұмар тағындым.

Қайырмасы.

Кезімен қайта айналып,
Қыс өтер, көктем, жаз келер.
Айнала қонып жайланып,
Айдынға аққу, қаз келер.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу