Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  165


Автор: Абдрахман Асылбек

Батыр Бауыржан

Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Кеудесінде керемет күш, намысы,
Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.

Қайырмасы:
Ер Бауыржан халықтың жүрегінде,
Ер Бауыржан халықтың тілегінде.
Ер Бауыржан тарихтың тірегінде,
Ер Бауыржан өлмейді бұл өмірде.

Түсірмек боп құлдық бұғау-қақпанға,
Елімізге ентелей жау шапқанда,
Қазағымның қаһарманы Бауыржан
Топты бастап, тас түйін боп аттанған.

Қайырмасы:

Бауыржанның асқақ айбар, ақылы,
Мадақтаған алыс пенен жақыны.
Жасай берер ғасырлардан ғасырға
Қазағымның қайталанбас батыры.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу