Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  186


Автор: Абдрахман Асылбек

Руымды сұрама

Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Қаламасаң қырқысып құруымды,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Бәріміз де бір ата баласымыз,
Қоя тұршы «туыс» деп бұруыңды.

Қайырмасы:
Сен – қазақтың баласы,
Мен – қазақтың баласы.
Бәрімізге жетеді
Кең қазақтың даласы!

Тілемесең таусылып тынуымды,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Бөлінгенге кім бақыт бөліп берер,
Жоғалтпашы жүректе жылуыңды.

Қайырмасы.

Көргің келсе жайраңдап жүруімді,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Егеменді еңселі Ақ ордаға,
Ойласаңшы алтын ту тігуіңді.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу