20.02.2022
  190


Автор: Абдрахман Асылбек

Таразым менің

Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев

Күмбір де күмбір керуен –
Сырнайлы сыңғыр серуен.
Таразым жеткен бұл күнге,
Мыңдаған жылдар төрінен.

Қайырмасы:
Толқыса мөлдір Таласым-ай,
Арулар тапқан жарасым-ай.
Таразым менің жалғаған-ай
Батыс пен Шығыс арасын-ай,
Таразым-ай.
Таразым менің, Таразым,
Бақытқа бастап барасың,
Бақытқа бастап барасың-ай,
Таразым-ай.

Тараздық ұлы ғалымдар:
Дулати, Баласағұндар.
Тараздың перизаттарын
Жырлаған небір дарындар.

Қайырмасы.

Тараздың ашық аспаны,
Жарқ еткен жасын жастары.
Қарахан-Айша бибілер –
Ғашықтың асыл дастаны.

Қайырмасы.

Тарихы терең Таразым,
Түлеген қайта қаласың.
Бойыңда Жібек жолының
Мәңгілік нұр боп жанасың.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу