👈 қаріп өлшемі 👉

  20.02.2022
  61


Автор: Абдрахман Асылбек

Жетісудың қыздары-ай

Әнін жазған Еркеғали Рахмадиев

Бақытты бай дала
Шабытты қайда да,
Жетісудың аймағы.
Бірі қант, бірі бал,
Өсірген бірі мал,
Сарадай жыры бар.
Зылиқа, Күләштай,
Мәрия, Жұмаштай
Жетісудың қыздары-ай!
Мыңғырған малға бай,
Жайлауы жанға жай
Жетісудың аймағы.
Құрақтай құлпырған,
Бұлақтай бұлқынған,
Көрген жан ұмтылған.
Сөздері сиқырлы,
Өздері сүйкімді,
Жетісудың қыздары-ай!
Көз тартқан көрікті,
Алмалы, өрікті
Жетісудың аймағы.
Гүлі боп өлкенің,
Өсірген өркенін,
Ерекше ерке бір,
Жұлдыздай жайнаған,
Бұлбұлдай сайраған,
Жетісудың қыздары-ай-й!
Балқыған баулары,
Тәкаппар таулары,
Жетісудың аймағы.
Күлкісі қымбатты,
Түр-түсі сымбатты,
Әзілі тым тәтті.
Өң берген аянбай,
Жібек пен Баяндай,
Жетісудың қыздары-ай!


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы