20.02.2022
  395


Автор: Абдрахман Асылбек

Әдемі қыз

Әнін жазған Радион Тэн

Әдемі қыз, әдемі –
Сұлулықтың әлемі,
Жігіттердің жан емі,
Одан бәрі дәмелі.
Әдемі қыз үнемі
Әдемі боп жүреді.
Әдемі деп жалындар
Жігіттердің жүрегі.

Қайырмасы:
Ей, жаным, маған қарашы:
Көздің қарасы,
Сөздің сарасы,
Ей, жанам, мен емес пе?
Бақ құсым деп санашы,
Артық бағасы.
Әдемілік – таң нұры,
Әдемілік – жан гүлі.

Әдеміге арналған
Ақындардың ән-жыры.
Әдемілеп әнін де,
Әдемілеп тәнін де,
Аруларды жаратқан,
Ырзамын мен Тәңірге.

Қайырмасы:

Ей, жаным, парқын білемін:
Жарқын жүрегім,
Алтын гүл өңім.
Ей, жаным, ұғамысың?
Бір өзің деп үнемі,
Ән сап жүремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу