20.02.2022
  229


Автор: Абдрахман Асылбек

Білмейді

Күнді де біреу күн дейді,
Жарқыраған нұр дейді.
Бірақ, күннің өзінде
Түнек барын білмейді.
Түнді де біреу түн дейді,
Тас түнек деп тілдейді.
Бірақ, түннің өзінде
Ләззат барын білмейді.
Гүлді де біреу гүл дейді,
Гүлменен бірге гүлдейді.
Бірақ, кейбір гүлде де
Тікен барын білмейді.
Құмды да біреу құм дейді,
Сусып бір тұрған су дейді.
Бірақ, құмның жиылып,
Тау боларын білмейді.
Пілді де біреу піл дейді,
Батпан қара зіл дейді.
Бірақ, пілдің тышқаннан
Қорқатынын білмейді.
Шынды да біреу шын дейді,
Асқар алып шың дейді.
Бірақ, шынның жалғанмен
Көрші екенін білмейді.
Мұңды да біреу мұң дейді,
Мұңлы жандар күлмейді,
Бірақ, мұңды білмеген
Қуана да білмейді.
Болса да адам кім мейлі,
Бірін-бірі күндейді.
Жақсы менен жаманның
Тең екенін білмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу