20.02.2022
  115


Автор: Абдрахман Асылбек

Бәріміз үшін

Каналшылар канал қазар
Бодер үшін!
Біздер үшін!
Мақташылар мақта алар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Егіншілер егін салар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Шопан шөлде малын бағар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Ақын болса жырын жазар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Композитор әнін жазар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Жұмысшылар жұмыс жасар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Күн күліп, су толқын атар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Көктемде қыр гүлін ашар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Ашық аспан нұрын шашар
Біздер үшін!
Біздер үшін!
Дүниеде ғажапстан –
Біздің алып Қазақстан!
Біздер үшін!
Біздер үшін!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу