20.02.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Айтерек – Күнтерек

– Елден бұрын тым қатты
Қақпамызды кім қақты?
Айтерек те Күнтерек,
Айтшы, саған кім керек?
– Айтерек те Күнтерек,
Бұл менмін ғой – Күн-бөбек.
– Ұйқыда әлем-анашың,
Қайда асығып барасың?
– Айтерек те Күнтерек,
Маған әсем гүл керек.
– Ұясына күн батты,
Қақпамызды кім қақты?
– Айтерек те Күнтерек,
Айтшы, саған кім керек?
– Айтерек те Күнтерек,
Бұл менмін ғой – Гүл-бөбек.
– Кеш жүргенің жарай ма?
Ұйқтайды енді торай да.
– Айтерек те Күнтерек,
Маған нұрлы Күн керек.
Батқан күнге соңғы рет
Қарайын бір елжіреп.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу