20.02.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

Бастау

Алып таудың астында –
Езіп, басқан тас тұлға,
Мөлдір бастау ағады
Аңсап байтақ даланы.
Тастың асты түнек бір,
Еркіндікті тілеп бір:
– Мен, мінеки, бармын! – деп,
– Мені қарсы алғын! – деп,
Тасты жарып бұлқынар,
Бұлақ алға ұмтылар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу