20.02.2022
  172


Автор: Абдрахман Асылбек

Соқпақтар

Қарақұм бұл –
Жолсыз дала көсілген.
Алақанның
Аясындай өресі,
Тек жіңішке
Соқпақтарды көресің.
Оның өзі
Жүгіргенмен алға көп,
Жоғалады
Құм төбелер,
Жарға кеп...
Қарап тұрсаң;
Соқпақтың көп жаулары:
Ескен жел де,
Көшкен құм да,
Тау-дағы.
Бірінен соң
Бірі жасап шабуыл,
Тып-типыл ғып,
Көрсетеді адуын.
Соқпақтарға
Бәрінен де ауыры –
Адамдарсыз
Жалғыз жадап қалуы.
Адамдарды
Аңсап олар тосады,
Мұңмен мүлгіп,
Бетін құм, шөп басады.
Қалай ғана
Көмектессек оларға?
Көмектесу
Бірақ, оңай болар ма?
Бәрінен де дұрысы –
Ауыр демей жұмысы,
Жарып өтіп,
Құмнан сол
Салу керек тыңнан жол...
Соқпақтар да жарысып,
Үлкен жолмен табысып,
Көруге оны асығып,
Жазда да ыстық, қапырық,
Қыста да аяз, қары бар
Елдер сонда ағылар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу