👈 қаріп өлшемі 👉

  20.02.2022
  35


Автор: Абдрахман Асылбек

Жел

Жүйткіді қатты жел деген
Елсіз де
Өңсіз жерменен.
Ышқынып,
Атып қапырық,
Жолында бәрін жапырып,
Күйдірді,
Қақтап қуырды,
Шаңдатып,
Құмды суырды.
Жел еді есер,
Тым қатал,
Көрсетті қысас бір қатар.
Біледі халық ондайды –
Қаталмен ойнап болмайды.
Сондықтан, шөптер
Шайқалып,
Ақырғы сәті байқалып,
Тырмысып,
Жерге жабысып,
Қадалып жатыр қабысып.
Құдыққа келіп тақалып,
Қатал жел қалды маталып.
Тұрды өңір,
Гүлді, бақшалы
Бөгеді желді,
Жасқады.
Соғып бір салқын самалы,
Торғайы әнге салады.
Әрине,
Желге өкініш,
Самал бар жерде не тұрыс?!
Түтігіп,
Жайға көрген бұл,
Деді жел:
– Қайдан келген бұл?
Бұл жерде болған қос құдық –
Қаңырап қалған бос құдық!..
Құдықтан кенет үн шықты:
–Тыңдағын онда шындықты.
Бұталар,
Гүлдер жердегі –
Жас бағбандардың еңбегі.
Бұл жерде олар тәртіппен
Өсіріп тоғай,
Тал тіккен.
Жолаушы болса алқынған,
Демалсын деген салқында.
Тынығып,
Қалғып шамалы,
Жол жүрсін деген ол әрі.
Жел тұрса есер егерде,
Біржола тынсын деген де...
Мүлгіді талдар балбырап,
Ысқырмақ еді,
Ал, бірақ,
Дауысы желдің шықпады,
Не болғанын ұқпады.
Дірілдеп,
Бойдан күш кеміп,
Құлады кенет тістеніп.
Орнынан қайта тұрмады –
Бұтақтар желді шырмады.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы