20.02.2022
  143


Автор: Абдрахман Асылбек

Әке қолы

Қырларына гүл тұнып,
Кетті дала құлпырып.
Жайнар ма құм жондары?
Құстар әнін төгіп бір,
Ашпас еді өрік гүл.
Арықтар да аңырап,
Қалар еді қаңырап.
Бақыт емес,
Тек мұң-зар
Орар еді көп жылдар.
Әкем еткен еңбекке
Мақтанбаймын мен текке.
Қолдары оның қуатты,
Құрыш-болат сияқты.
Күнге күйіп шыныққан,
Шаршауды әсте ұмытқан.
Кешке мені құшқанда,
Бауырына қысқанда,
Әке қолы өзге бір,
Жұмсақ,
Әрі жеп-жеңіл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу