👈 қаріп өлшемі 👉

  20.02.2022
  48


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұлақ

Үиі тәтті бал бұлақ,
Тыңдай білсең болғаны.
Сыңғырайды ән құрап,
Қоңыраудай қолдағы.
Бұлағым-ау,
Бұлағым,
Ашшы алақан-омырау.
Берші,
Маған ұнады,
Үнің – әсем қоңырау.
– Бере алмаймын мен үнді,
Істерім көп сан түрлі.
Еңбек ету көңілді
Тәтті әуенмен тартымды.
Сыңғыр-сыңғыр қуанып,
Күні-түні аққаным –
Қандырамын суарып,
Мейірін ақ мақтаның.
Еңбек етсең ерінбей,
Іздегенің табылар.
Сол бір шақта сенің де
Қоңырауың қағылар.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы