20.02.2022
  160


Автор: Абдрахман Асылбек

Құралай

– Ұстап алып даладан,
Байлап қойдық манадан.
Достасайық, кәне, біз,
Бірге ойнайық бәріміз.
Құралай-ау, құралай,
Бұртиғаның бұ қалай?
Қалғандай-ақ өкпелеп,
Қарамайсың шөпке де.
Су қойсақ та апарып,
Ұрттамайсың қасарып.
Қойған судан татпасаң,
Шөбіміз де жақпаса,
Енді саған не керек?
– Бостандығым керемет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу