👈 қаріп өлшемі 👉

  20.02.2022
  51


Автор: Абдрахман Асылбек

Отардағы от

Батуға да
Таяп қалды күміс күн.
Түн жақындап,
Салқын жапты құм үстін.
Жалтылдаған
Бейне қызыл көбелек,
Отардағы от,
Көзді тартты, керемет.
Шопандар да қоршай келіп отырды,
Алау-жалын кеуделерге от үрді.
Бу бұрқырап,
Шәугімге шоқ сырылды,
Шайдың иісі қытықтайды мұрынды.
Төңіректе – толған түнгі дауыстар:
Түлкі, қарсақ шәуілдейді алыстан.
Қараңғыда
Сусыл қағып қанаты,
Ақырындап
Құстар ұшып барады.
Тыныштықпен алмастырып ыстығын,
От басында қоюлана түсті түн.
Түннің қара алақаны алымды
Ұмтылады
Өшірмек боп жалынды.
Түн тұнжырай түскен сайын неғұрлым,
От өрекпіп,
Жарқырайды соғұрлым.
Түн түнеріп,
Көрсетсе де қыспағын,
Жеңе алмайды жалын атқан дұшпанын.
Бірте-бірте жұлдыз сиреп келеді,
Тыныштықта,
Ұйқыға отар енеді.
Секілденіп
Дамыл алған көбелек,
Отардағы от та сөнді,
Не керек.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы