👈 қаріп өлшемі 👉

  20.02.2022
  47


Автор: Абдрахман Асылбек

Күн

Балақай,
Сені шын
Тынымсыз өбемін.
Жерге де сен үшін
Нұрымды төгемін.
Ерітем сен үшін
Көк мұзды,
Ақ қарды.
Жайнатам сен үшін
Жайқалған бақтарды.
Ақ таңда әйнектен
Сәуле боп құйылам.
Көжек боп,
Жайлап кеп
Қолыңда бұйығам.
Аялап әркімді,
Қыздырам, жылытам.
Сенің шат қалпыңды
Қалайша ұмытам?
Екеуміз,
Кел енді,
Жақсы дос болайық.
Жылу ап сенен де,
Қуансын халайық!
Бұл деген қиын ба,
Кішкентай күнімсің.
Сенің де ығыңда
Жан біткен жылынсын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы