20.02.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Алфавиттің жүйесі

Алфавитті аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Жаратылыс жүйесі –
Бар әлемнің иесі;
Жалғыз ғана Алла ғой,
Алланы сен алға қой.
Алла бәрін жаратқан,
Жаратқан да таратқан.
Ақыл берген Адамға:
Маған, оған, саған да.
Алғы буын Ата ғой,
Ата ақылы бата ғой.
Аяулы жан Ана ғой,
Ана асыл дана ғой.
Алда туған аға ғой,
Аға деген пана ғой.
«Б» әрпі де дара ғой,
Арғы атамыз Баба ғой.
Үлкен-кіші бар Адам
Өсіп-өнген Бабадан.
Біз балдырған Баламыз,
Баба ақылын аламыз.
«Г» әрібін Гүл дейміз,
Гүлмен бірге гүлдейміз.
Елімізде гүл ашқан
Күлімсіреп тұр аспан.
Қайғы-мұңды білмейміз,
Гүлмен бірге гүлдейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу