20.02.2022
  290


Автор: Абдрахман Асылбек

Анама хат

Айналайын анашым,
Ақылы асқан данасың.
Дүниеде жоқ шығар,
Сенен өткен жан асыл.
Аймалаған баласың
Мейірбанды анасың.
Сәл көрмесең сағынып,
Құшағыңа аласың.
Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Жалындатар жанымды
Күлімдей көз қарасың.
Айналайын анашым,
Мызғымайтын панасың.
Қай кез, қайда жүрсем де,
Әнім болып қаласың.
Ай нұрынан жаралдың,
Шапағат боп таралдың.
Сенің сөнбес сәулеңнен
Өмірлікке нәр алдым.
Қазір балғын жастамын,
Білім жолын бастадым.
Қуат берсе Құдайым,
Болам асу – асқарың.
Құтты болсын мерекең,
От құшағың – берекем.
Мәңгі жырлап, мадақтар
Ең асыл жан сен екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу