20.02.2022
  171


Автор: Абдрахман Асылбек

Демалыс сағатында

Демалыс сағатында –
Еркіндеп қаласың да.
Боласың ойнап-күліп,
Қанатты қағатын да.
Сабақтан босағасын,
Жүгіріп жоса аласың.
Бірақ та, біржолата
Мойының босамасын.
Көңілді суытпағын,
Жалқаулық жуытпағын.
Ертең де сабақ бар ғой,
Балақай, ұмытпағын.
Кітапты құнттағын,
Сөздерін сұрыптағын.
Мектепке оралғанда,
Бәрін де біліп барғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу