20.02.2022
  409


Автор: Абдрахман Асылбек

Немеренің әні

Атамыз бар – «Дедушка»,
Әжеміз бар – «Бабушка».
Дейді мені: «Внугім»,
Түсінеді мұны кім?
Әлім деген атымды
«Алимок» деп шақырды
«Алимогім, Алимок, –
Дейді, – милый колобок».
Қазақ болып өздері,
Тек орысша сөздері.
Қашан қазақ боламын?
Кімге менің обалым?
«Дедушка» мен «Бабушка»
Басқаларға таныс па?
Атамыз бар – «Дедушка»,
Әжеміз бар – «Бабушка».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу