20.02.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

Астана

Елордамыз Астана,
Астанамыз – бас қала.
Еліміздің бірлігі,
Жеріміздің кіндігі.
Таңдап ерке Есілді,
Астанамыз көсілді.
Тұрады онда дарындар:
Өнерпаздар, ғалымдар.
Тұрады онда даналар:
Ел басқарған ағалар.
Тұрады онда балалар:
Бәрін артық бағалар.
Астанамыз – жас қала,
Жас та болса, бас қала.
Күндеп өсіп келеді,
Гүлдеп өсе береді.
Бәйтерегі, байрағы –
Еліміздің айбары.
Елордамыз Астана,
Жасай берсін жас қала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу