20.02.2022
  161


Автор: Абдрахман Асылбек

Алла дейміз алдымен

Ай нұр шашып аспаннан,
«А»-дан бәрі басталған.
Алған кезде алғы дем,
Алла дейміз алдымен.
«А» деп ауыз ашамыз,
«А» деп асу асамыз.
Арулардың аты да,
Асыл сөздер атында:
Алтын, Арай, Арайнұр,
Асыл, Ажар, Анаргүл.
Ардақ, Ақық, Алтынай,
Айман, Айжан, Ақылай.
Алма, Алқа, Айбала,
Айнұр, Айгүл, Айдана...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу