20.02.2022
  182


Автор: Абдрахман Асылбек

Алғашқы адым

Арайланып таң атты,
Алтын нұрын таратты.
Оқушы отыр сыныпта,
Ашып әппақ парақты.
«Әліппесі» алдында,
Бәрі қызық балғынға.
Әріптерін таныса,
Небір жұмбақ бар мұнда.
Сөйлеп кетті мұғалім,
Тосты ұлан құлағын:
«Ынта қойып тыңдасаң,
Білім – жарық шырағың.
Мынау – сенің сыныбың,
Мөлдір бастау тұнығың.
Қанып ішсең тұнығын,
Құлдырайсың, құлыным.
Құтты болсын қадамың,
Мықты болсын талабың.
Күтіп отыр заманың
Заңғар болар адамын».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу