![]() |
|
![]() |
Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
44

Дарынға
Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Отырып сен сүндетке,
Мұсылманға беттедің.
Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Қарсы алады күлімдеп,
Алтын ұя мектебің.
Жеті жасқа жеткенің –
Болашаққа беттедің.
Бөлеп жарқын нұрына,
Күлімдейді көкте күн.
Жеті жасқа жеткенің –
Балалықтан кеткенің.
«Әліппемен» тіл ашып,
Адамдыққа өткенің.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |