19.02.2022
  258


Автор: Абдрахман Асылбек

Құлыным

Жазда болдым жайлауда,
Уақыт жоқ ойнауға.
Көмектестім апама,
Көмектестім атама.
Төлдерменен таныстым,
Тайға міндім, жарыстым.
Талай істі меңгердім,
Құлыныма жем бердім.
Жем жегенде құлыным,
Көрсетіп бір қылығын,
Басын изей береді,
Ол – рахмет дегені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу