19.02.2022
  181


Автор: Абдрахман Асылбек

Жұмбақ өлең

Бір суретте бар адам –
Бір атадан тараған.
Байыппенен санашы:
Үш әке, үш баласы,
Екі ата, екі немере,
Бір баба, бір шөбере.
Канша болар барлығы?
Кім табады, ал мұны?
Шешуі:
Қиын емес шешуі:
Бір әкеге бес ұлы.
Одан туған немере,
Нерен шөбере.
Ақылыңа сала ғой –
Үшеуі де бала ғой.
Жоқ ешқандай қатесі,
Шөберенің әкесі,
Одан үлкен атасы,
Одан үлкен бабасы –
Болсаң дұрыс бағалар,
Үш әке боп саналар.
Қос немере бабаға,
Екі ата балаға.
Ал, шөбере – бір ғана
Шөбереге – бір баба.
Сол суретті қолға алып,
Санар болсаң сонда анық,
Жұмбақ есеп дөп шығар:
Төрт-ақ адам боп шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу