19.02.2022
  266


Автор: Абдрахман Асылбек

Назгүл мен Гүлназ

Аялайды анасы
Назгүл менен Гүлназды.
Анасының панасы,
Екеуі де шын назды.
Деп: «Қыздарым – мақтаным,
Ана әнге салады.
Атай қалса аттарын,
Ауыстырып алады.
Шұғыладай жаз күнгі
Ана үні тым назды:
«Гүлназ!» – дейді Назгүлді,
«Назгүл!» – дейді Гүлназды.
Екі есім де, білгенге,
Екі сөзден тұрмай ма?
Жаңылысу бір демде
Мүмкін-ақ қой мұндайда.
«Гүл» шықса «Наз» алдына,
Гүлназ күлім қағады.
«Гүл» соңына барды ма –
Назгүл бола қалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу