19.02.2022
  239


Автор: Абдрахман Асылбек

Алғашқы қар

Қар жауып тұр, алақай!
Тысқа жүгір, балақай.
Шаңғың болса, алып шық,
Қыр басына барып шық.
Зырылдайық төменге,
Қосылайық өлеңге.
Шанамызды сүйрейік,
Әппақ қарды илейік.
Өзімізге шақ қана
Тұрғызайық аққала.
Асыр салып ойнайық,
Жаңа қарды тойлайық!
Өзімізге шақ қана
Тұрғызайық аққала.
Асыр салып ойнайық,
Жаңа қарды тойлайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу