19.02.2022
  113


Автор: Абдрахман Асылбек

Кесіртке

Кесірткелер жорытса,
Жәндіктердің жүйрігі.
Өледі-ау деп қорықпа,
Қалса үзіліп құйрығы.
Жауға тастау құйрығын –
Құтылудың амалы.
Қайта бітер жирылып,
Мезгілден соң шамалы.
Өзінде көп күш қандай –
Кесірткелер заулайды.
Қолтыраунның кішкентай
Баласынан аумайды.
Кеткен мүлде жоғалып
Замандарда кешегі,
Арғы тегі – Зор, алып
Динозавр деседі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу