19.02.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Қайыңдар

Болсаң егер пайымдар,
Керемет-ау қайыңдар.
Қолаң шашы төгілген
Арудай боп көрінген.
Көкте күннен нұр алып,
Қыпша белі бұралып,
Қара жерден нәр алып,
Самал желмен таранып,
Балқып балғын балтыры,
Билеп тұрар әр күні.
Болсаң егер пайымдар,
Осындай-ау қайыңдар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу