19.02.2022
  142


Автор: Абдрахман Асылбек

Албан мен Ерлан

Албан биыл алтыда,
Қара әділ қалпына:
Ережені құптайды,
Алға адым шықпайды.
Шиіріп кеп сақаны,
Асықты дәл атады.
Ерлан болса он бірде,
Қызық бала ол мүлде.
Бойындағы бір кемдік –
Жасайды ылғи үлкендік.
Қарамайды сызыққа,
Не дерсің бұл бұзыққа?
Алға адым басып бір,
Атады ол асықты.
Сөйтсе-дағы шатасып,
Дәл тимейді сақасы.
Албан бұған төзбейді,
Алыстан-ақ көздейді.
Қиқарлықтан не өнеді? –
Әділеттік жеңеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу