18.02.2022
  128


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Оқырман, тыңдаушы және көрермен

Оқырман оқиды, оқығанын көңіліне тоқиды, тоқығаны бір ғұмырға
татиды.
Тыңдаушы тыңдайды, жақсы сөзді санасына сіңіреді, жаман сөзді бір
құлағына кіргізсе, екінші құлағынан шығарып жібереді.
Көрермен көреді, көргеніне сенеді, жақсыларға еліктеп, өзі де сондай
болғысы келеді.
Бірақ, ойланбайтын оқырман, көпірме көбік сөзге қол соғатын
тыңдаушы, көргеніне көзақы сұрайтын көрермен көбейіп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу