Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  118


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Алапат шайқас

Бесі күні таң ата-ақ,
болмақ шайқас алапат!
Шагдаржавтың бұйрығын
бір күн бұрын таратад:
-Бұрын келген мол жауға,
түнде қамдан, жан сауға!
Хужиртның езенін,
Жауға айрылып қалмауға;
Осы езен бойын да,
Хужиртның сайын да,
Жаудан тартып биікті ал!-
-деді, ешкімің тайынба!
-Шығармаңдар есіңнен:
Отанды ойла есірген!
Бас құласын тесіңнен!
«Таймас судан шешінген»!
Жағдайымыз нашар-ақ!
Күшіміз де осал-ақ!
Үлгер түнде тез жетіп,
Қараңғыны тасалап!
Жағдай жаман бұл түнгі,
Жері қиын! Іркілді!
Түнде жетер түрі жоқ
Шамасынша-ақ ұмтылды.
***
Мың жау жатыр қаз қалпы,
Шайқасуға аз қалды...
...Күні бойы қамданып,
бері ымыртта қозғалды.
Жау кеңейтіп ерісін,
Тосуда қол келісін...
...Білді ескерлер таң ата,
Тесілдерінің терісін!..
Таң да атып, күн шықты,
Алдан мың жау сұм шықты!
Алты аса Зайсанов
бомбаларын ыршытты!
Кек түтінге ел тұншықты,
Жағдай мүлдем қырсықты!
Иемденіп жау алған:
-биікті де, тұмсықты!
...Біздің ескер шеп бұзып,
араларын кетті үзіп!...
...Қараңғыда жау едей
жіберіпті еткізіп!..
...Басталды ұрыс таң алды,
Күннің кезі «тоналды!»
Азан-қазан жан-жақтан
тау-тас құлап жол алды!
Қопарылыс қан алды!
Жарылыстар жан алды!
Кезге түртсең керінбес
басты түнек, қараңғы!
Хужирт сайы лезде-ақ,
От жалынға оранды!
Қасың тұр ғой досыңа
Керсетпейді қараңды!
Қайсысы жау, қайсы дос
Айырмайсың адамды!
Астаң-кестең алапат
кезді басып шаң алды.
Теңкеріліп аспан, жер!
Келтірмейді шамаңды!
Ақырады айдаһар
үрей билеп санаңды.
Кескілесіп бетпе-бет
аңғармайсың жараңды.
Жауда, доста бағыт жоқ,
Қараңғыға қамалды.
Ескеретін мұрса жоқ
Елі-тірі заманды!!
Кезді ашып-жұмғанша
Бар ғұмырың темам-ды!
Соғыс-ажал! Алапат!
Соғыс сондай жаман-ды!
...Қарсы шапты қасқайып,
Қыран – Жекең табанды!
Ерт дауылға оранып,
Сауысқаннан жаралып,
Қолайлы жер таба алды.
Пулеметтен жаудырып,
алақанға шоқ алды!
Бірге кірген достары
ғайып болып жоғалды...
...Бірақ Жекең жеті ескер
Намыс отын жаға алды!
Жігер беріп жетеуге
Тотыдайын таранды.
Сыйынады Құдайға
Сақтай кер,-деп, балаңды!
Ғайып болған достарға
теге кер - деп, панаңды!
Езіне емес, бұл Жекең
достарына алаң-ды!
Жаудан кегін алмаққа
Жолбарыстай жаланды!
...Ұмытар ма тарих
Жекеңдей Ер, данаңды?!
Талқан етіп шатқалды,
Шайқас солай басталды.
Пулеметтер сақылдап,
теңкергендей аспанды.
Күші басым жау дүлей,
Қорқақтарға салды үрей.
Келе жатқан секілді
Қопарылып тау күрей!
Жан-жағынан кимелеп,
Жау таяды іргелеп!
Ең алдында шайқастың
Женабілхан бір белек.
Пулеметтен жаудырып,
айызы қанған жау қырып.
Қалың қара қытайды
естерінен тандырып.
Жеті ескері жанында,
гранаты қолында.
Ұшып түсіп жау жатыр
Жиырма, отыз-ақ адымда.
Ең қолайлы орында,
жолатпайды қорымға!
Екі кезі Жекеңнің
Ұқсап кетті жалынға.
Отыз үш-ақ жастағы,
асып қыран жоспары.
Қаншама жүз қытайды
Қойша қырып тастады.
Жауды қырды, жайпады!
Жолауға жау қорқады.
Бір қараса достары
шегінгенін байқады!
Шегінгенін байқады,
жақтырмай бас шайқады.
-Отан сатқан опасыз!
Елге не? – деп, айтады!
Қай бетімен қайтады?!
Басбармағын шайнады,
Ыза кегі қайнады.
Бірақ, досқа жаны ашып,
Құтқаруды ойлады.
-Елсек біз-ақ, елейік!
Әуселесін керейік.
Тойтарыңдар жауды алдан
досқа кемек берейік!
Тетеп болмай сегізге,
Жеңкілгендей теңіз де!
Жакең айтты жауды құрт
Отан үшін жан үз де!
Осал тұсы осы- деп,
Солай қарай жосы!- деп,
Дұшпан күшін жояйық!
ұзап алсын досым кеп!
Тойтарайық жауды алдан
Жау болмасын сау қалған!
Жаргалымыз оққа ұшты
Қыр!Жауды қыр! Қанға қан!!
Арыстандай ақырды!
Жауға қарсы лап ұрды
Оқты құйып пулемет
Гранаттар атылды!
Жер жастанды дұшпандар!
Қос бүйірден қысқандар!
Тау болды оққа ұшқандар!
Тасты сүзіп құшқандар
Кермеседе мұндайды,
дос шегінген мың қайғы!
Ерлігіне Жекеңнің
тұрған жері ыңғайлы!
Алты айрықтан тер аққан!
Балағынан қан аққан!
Бастан зулап жатса да,
Сескенбейді ер оқтан!
Жауға тұзақ құрады,
таятып ап қырады.
Сайып қыран қырағы
басқа едіске бұрады.
Қас кеңілі басыңқы,
Су сепкендей басылды.
Женабілхан сұр мерген
Тактикасын асырды.
Жауға енерін керсетті,
Ақылын да елшетті.
Лезде орнын езгертіп
биікті алды ең шеткі!
Алпыс екі айлалы,
тамаша жер «жайлады»!
Жан-жағынан қыруға
болды осы жер пайдалы!
Командирде айла кеп,
ерде жігер бойда кеп.
Табад -деген мұндай жер
үш ұйықтаса ойда жоқ!
Келмеді арттан күш, міне!
Намыс-жалын ішті де!
Қыра берді қас жауды
үсті, үсті, үстіне!
Жан жағына анталап,
Қоршап алды, жау қамап.
Тірі ұстауға жан салды
Оңай олжа ауламақ!
Есіл ерлер айлалы,
күшін жиып бойдағы,
енді, олар, жастығын
ала жатуды ойлады.
Әне, Зодов оққа ұшты!
Ол жастығын ап құшты!
Еліп бара жатып та,
Жауды атқан нақ күшті!
-Ат! Зодовтың кегін ал!
Жау жүрегін сегіп ал!
Қанын судай тегіп ал!
Елмей қанға бегіп ал!
Қатарлары сиреді!
Отаны алға сүйреді!
туған жерге бұрылды
Елгенде де бүйрегі!
Міне, Пунцаг құлады!
Жаужүрек ед, қырағы!
Ымдады:- Қыр! Қыр! Қыр!-деп,
Осы Моңғол қыраны!!
Жабысқаннан жан алды,
Қадалғаннан қан алды!
Дамдинсүрэн жаралы
Гранатын жара елді!!
Қалың жау жер жастанды!
Жаудан ұшып бас қалды!
-Ұстадық-деп,-тірі тіл!
Қатты опық жеп қас қалды!
Готовты жау атыпты,
...сыбағасын татыпты!
Елген болып домалап,
Готов үнсіз жатыпты!
Ұстағандай балықты,
Ұстағалы барыпты.
Еліп бара жатып ол:
Гранатты жарыпты!
Қанды елемей шапшыған,
Жауға ұмтылды нақ қыран!
Есіл ердің Жекеңдей
беті-аузын жапты қан!
Женабілхан – осы алып!
Қолға гранат – «тас» алып,
биіктен кеп құлады.
бірнеше жау қоса алып!
Елін сүйген кезсіз ер!
аруағы ел сүйер.
еліп бара жатып та,-
деген – осы жер сүзер!!
Жономоо, Чимид соңында,
Жаудың қалмай қолында,
атты ездерін: -Отанның
жан садаға жолында!
Тарихта аты қап,
Қанмен жазған хаты қап,...
...Ұстай алмай тірі «тіл»,
Жау екінді қапы қап!
***
Жономоо мен Чимидті,
елі неге ұмытты?
Қос наводчик, қос қыран,
еленбей кеп жыл ұтты!!
Ерлер еді ел күткен,
Соғысқа ебден кендіккен!
Қателіктен негізі
бірі қалмай сегізі
Қаза болды ерлікпен!!
***
Женабілхан есіл ер!
Жұмбағы елі-ақ шешілер!
Аққан қаны, жас жаны –
Ерлік даңқын есірер!
Мыңға жетті батылы,
Қиналды жау ақыры!
ҚаҺарманы халықтың!
Батырдың ең Батыры!!!
***
Жауды сұсын қайтарып,
тоғыз сағат тойтарып,
Оққа тесеп кеудесін,
Мың мен сегіз белдесіп,
Қиян-кескі «сел» кешіп,
Қыршын кеткен есіл Ер!
...Намыс отын тамызып,
Қанын судай ағызып,
Отаны үшін жан үзіп,
Ел қорғаған есіл Ер!
...Бала
-шаға жас қалған...
– десекте:
– орны бос қалған!
Ерлік ісі

өнеге
Ж
енабілхан басқарған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу