Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  106


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Cұрапыл алдында

Екі кезі жаудырап,
екпінінен тау құлап,
Моңғолия ескері
келе жатыр жаужүрек.
Зайсановы шүйіліп,
Қырандайын құйылып,
Қалың жауды шемшек қып,
Бомбаламақ сиырып!
Әзірленіп егеске,
Оқ тіремек еңешке!
Сүйем жеріне Отанның
Жаны пида емес пе?
Жауынгердің – жаны шоқ,
Қызып алған қаны – шоқ!
Жігер, қайрат жалындап,
Лапылдайды намыс от!
Бойда тасқын күш тулап,
Кезден жалын ұшқындап,
Бір сұрапыл соғысты
Тұрғандайын іш тыңдап!
Несер болып құюға,
Жауға оқ боп тиюге,
Отан үшін, ел үшін,
Әзір жанын қиюға!
Үлес қосып қоғамға,
бақыт сыйлап адамға
Отаны үшін арман жоқ
еліп кетсе табанда.
Қорқынышты қуалап,
Майдан күтіп тұр алап,
Әр ескердің сенімі от
Жүрегінде ұялап!
Ез ата-ана ез үйін,
Бала-шаға, боз үйін,
Қорғау үшін күшін сап,
Тауысады тезімін.
Тұңғиықтай батырып,
Арыстандай атылып,
Тастағалы тұр бері
Жауды жайпап жапырып!
Аруағын шақырып,
аюдайын ақырып,
бауыздамақшы қолма-қол
Қанын судай сапырып!!
Аруағы асып тұр,
Күш-қуаты тасып тұр,
Тісін қайрап, кек қайнап,
Кезден жалын шашып тұр.
Елемейді егесті,
дес беретін емес-ті!
Жеңеріне сеніп тұр,
Кемеріне келіп тұр,
Сескенетін емес-ті!!
Қалың жауды қаптаған
ескеретін емес-ті!
Шақырылмаған «қонағын»,
бойда тулап мол ағын,
Қош керетін емес-ті!
Қазір соғыс бастауға,
атылуға еш жауға,
Сақадай сай дайын тұр,
Жауды жайпап тастауға!
Бес қаруын асынып,
сайлап-сайлап алмақшы.
Буырқанған бурадай
шайнап-шайнап алмақшы.
Жүрегіне жігерін
Қайрап-қайрап алмақшы.
Жон терісін сыпырып,
тулақ етіп алмақшы.
Бұлшық етін қуырдақ қып,
Кесіп-кесіп алмақшы!
Кекірегінен қызыл қан,
Кесіп-кесіп алмақшы!
Жетелеуге мұрнынан,
Тесіп-тесіп алмақшы!
Мұрша бермей ойлауға,
Тыр жалаңаш айдауға,
Киімдерін түк қоймай
Шешіп-шешіп алмақшы!!
Екпе, бауыр, қолқасын,Кесіп
итке тастаса!
Естімейтін құлағын
Қосып итке тастаса!
Кезін ойып тойымсыз,
Шашып итке тастаса!
Қанжоса ғып борбайын
ашып итке тастаса!
Басын кесіп қағынған
ашық итке тастаса!
Саудыратып сүйегін
тасып итке тастаса!
Кетерілген кеудесін
таптап-таптап табанға
Басып итке тастаса!!..
Сонда етеліп парызы,
Сонда етеліп қарызы,
Сараланып ер ізі,
қанар еді-ау, айызы!!
Құтырып келген кеше бір,
Гоминданның неше дүр,
Талқан етіп тілегін,
Кісі аямас жүрегін,
Қақтап-қақтап жесе бір!
Қақтап-қақтап жесе бір!
Қайтар еді-ау есе бір!!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу