Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  200


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Балалық шақ, бал дәурен

Шалалық жоқ ісінде,
Жақсыларды кісім де!
Байбол
– деген аз ел бар,
Саңыраудың ішінде.
Молқыбайдың үш ұлы:
Байбазары кіші ұлы,
Жанбазар мен Сексеннің, Ер тұлғалы пішіні.
Алтайдан кеп алыстап,
Біраз ғана мал ұстап,
Жанбазар мен сол Сексен,
Қалды Ақшиді*1 қоныстап.
Ол ел қамын жеуші еді,
Адам еді еңселі.
Хан к
етеріп халығы:
Ж
екең ата!
– деуші еді.
Келсе алдына кісілер, Кезінен-ақ түсінер.
Қарапайым, қайырымды,
Қолы шебер ісмер.
Сексеннің зор беделі,
Қол ұшын ол береді. Кемектесті екі ұлы,
Тұрысхан мен
Б
еделі.
Ж
екең, отын жандырып, Кешіріп те, қондырып,
Күндіз жүріп, түн жүріп,
Жүрді ісін тындырып...
Қобда
езен сол күйінде,
Су жағасы иінде,
Борбұрғыста ұл туды,
Жанбазардың үйінде.
Құт боп барыс жыл келді,
Ақ сазандай ұл берді.
Шілдехана жасалып,
Атын қойып үлгерді.
Түзей кер! – деп, кешімді,
Женабілхан есімді,
Жалғыз ұлын Жанкекің,
Еркелетіп есірді.
Жай етікші бұл кісің,
Беріп тертіп үлгісін,
Еңбекқорғып есірді,
Тұлабойы тұңғышын...
...Дін таратқан талайдан,
Қазақстан, Ноғайдан,
Үйге екеліп тұрғызып:
-Сабақ ал, - деп, - ағайдан.
Сегіз жасар жалғызды,
Тура шекірт болғызды.
Қарақата молдадан,
Жақсы деріс алғызды.
Екі жылда молдаға,
Кеңілі ебден толды аға.
Шапан жауып, ат сыйлап,
Шығарып салды Қобдаға.
Жан екесі таңғалды,
Зеректігін аңғарды.
Жаназаны шығарып,
Құранды да аударды.
Молда разы ат алып,
Бала разы бата алып,
Бедел алды кеп-керім.
«Молда бала» атанып.
«Жар құлағы жарғақ-ты*2
Жастайынан мал бақты
Сүйкімді еді, тіл алғыш,
Мінезі де салмақты.
Кептің тілін табатын,
дінге кеңілі ауатын,
Ел баласын оқытып,
ашып жүрді сауатын.
Есек ербіп қараңғы,
-алады-деп, - баламды,
Отыз бірде*3 қой жылы
Алтай асып Ел ауды.
Ел қыстады Сауырды,
Бірақ, жағдай ауырды.
Қайтып келді келер жыл
Жұт жайлады ауылды.
Егізге жүк тиеген,
Екі ат, жалғыз түйемен,
Жекең келіп, етікші
Кесіпке иек сүйеген...
...Шекене мал ұстайтын,
Шаруа да жоқ күш қайтым!
Ағаш үй жоқ, күркедей
Кигіз үймен қыстайтын.
Алғаннан соң кеш есін,
Аңнан алып есесін,
Асырайды жалғызы
Әкесі мен шешесін.
Тұра сала таң атып,
Шитіменен аң атып,
Аш отырған халыққа
береді екен таратып...
Мына байға жалданып,
Күні бойы қой бағып,
Бала оқытқан астыртын
Түні бойы айланып.
Қорғап халқы жас ұлын,
білдіртпейді асылын;
бала оқыта береді
Женабілхан жасырын.
Байдан аздап астық ап,
Мешін жылы бас құрап,
ата-анасын қуантып
Жайқалады жас құрақ!
Қор болдырмай алашқа,
түсірмей-ақ таласқа,
үйленіпті айттырған
Нұғманқызы Қамашқа*4
Шыққан Найман рудан,
атастырған бұрыннан,
айдай сұлу келін кеп
Шымылдығы құрылған.
Той жасалды аянбай,
Сезім оты оянды-ай!
Бірін-бірі ұнатқан,
Қозы-Керпеш, Баяндай!
Ойын-тойда сыр аулап,
Тотықұстай сылаңдап,
Жеті ұлдың ішінде
Ерке ескен бұлаңдап!
Қарасаң кез тойғандай,
алдан шырақ жанғандай,
сұлу еді сүйкімді
бетінен нұр тамғандай.
Ай мен Күнге теңейтін,
Сезі нұрға белейтін,
елі сыйлап, есімін:
-Қамария – демейтін.
Женабілхан сүйкімді,
Жанарға нұр іркілді!
Сұңғыла да, сұңғақ бой,
Әр жұмысқа икімді.
Берін құдай берген-ді,
Бозбала еді кергенді.
Құралайды кезінен
Атқан сұлу мерген-ді.
Ән саулаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Керсе талып қалатын
перизаттың қандайы!
Қыр мұрыны жарасқан,
Жирен шаш бой таласқан,
Керкі кезді тұндырған
Жүйріктейін таң асқан.
Кепке күшті беделі,
Алпамсадай денелі.
Тілейді екен тілеуін:
-Аман жүрсін! – деп, елі.
Жаратылған елең деп,
Сез саптаған тереңдеп,
Тоқтай алмас айтысқа
Жүйрік аттай елеңдеп.
Шертіп бесең, кейде ектем,
Жүректерді тербеткен,
Бұлбұл құстай сайратып,
домбыраны сейлеткен.
Бала оқытқан бұл маңда,
Жүзін бұрған иманға,
алғыстарын жаудырды
Қаршадай жас имамға*5
Мақтап Жекең атасын,
Қошеметтеп ботасын,
Үйіп-тегіп береді
Ақсақалдар батасын:
-Кеп тауқымет кетердің
Тұрса сенбес оты елдің.
-Женабілхан жүр аман!
Жалғызысың Жекеңнің.
* * *
Кек жалқаулық – түрпі екен,
Шебер сыншы – жұрт екен.
Уақыт ұтып, табысты ал,
«Талап-табыс кілті екен»*6
Тілемейтін қақы, тым,
Уақыт-деген, - жаһұтың.
Ұштай білген талабын,
Ұстай білер бақытын.
Жастайынан бүлінген,
Ақылы аз ез болар.
Ел аузына ілінген
Ертең дарабоз болар!
Имандыққа бет бұрған,
Кеудесін нұр, от қылған.
Сайтанға ерген мұсылман
Езін-езі жоқ қылған!
Имандыққа бет бұрған,
Құр қалмайды бақ, нұрдан.
Сен! Мұсылман: -Құран-хақ!
Жасқан Құдай – тақсырдан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу