Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  117


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Күз

Тұрыпты тастан суға күзет деген,
Ежелден тамылжымай күз етпеген.
Егін тұр Күн атадан ұялғандай
Иіліп селемдесім ізетпенен.
Аспанда ақша бұлтар түней келіп,
Қара жел ұйтқып соқты дүлейленіп.
Кетем бе, мерт боп желге дегеніме?
Қалтырап жапырақ тұр үрейленіп.
***
Құс қайтты жазды күйін шерте қырдан,
У-шусыз, дала жым-жырт елке тынған.
Қазір қар, бірде жаңбыр, кейде боран
Күз басқа мезгілдерден ерке туған.
Қайтуға құста бір кез сапқа тұрған,
У-шусыз, дала жым-жырт шатқал тынған.
Қазір қар, бірде жаңбыр, кейде боран
Күз басқа мезгілдерден сотқар туған.
Кетседе күз қуартып гүл бақшасын,
Кектесін! Қызу еңбек. ... Күн батбасын!
Күз қайта тасқындаған еңбегімен
Ақының ашып жатыр жыр қақпасын.
***
Жүрсеңіз осы атпен сапар шығып,
Бітетін жас балаға сақал шығып.
Мың бес жүз жылқы тұрып осығұрша
Тартады аттан қайтып тақаршылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу