Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  159


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Рубайлар

Кейбіреулер бірін бірі күндесе,
Кейбіреулер қуар есек, келемаж.
Адамдарды қадір тұта білмесе,
Адам болып жүрудің де керегі аз.
***
Кетергенге жеңіл ембе,
«Шайнағанға жұмсақ» ‒деп,
Жүрмесінші кейбір пенде
«Іштей түтін жұмсақ»‒деп.
Адал адам кешін кер,
Адалдыққа кешіңдер!
***
Емірде кеп кезігер
Уайым, қайғы, қасірет.
Сол кездерде сезілер
Нақ адамдық қасиет.
***
Бақытымды қайғым тағы
Етсін мейлі күл-талқан!
«Ержігіттің мойнындағы
Шірімейді қыл арқан».
***
Шырт ұйқыдан тұр-тұрлап
Оятып жыр боп жүрегім
Кеудемде тұрса жыр тулап
Меңгіге тірі жүремін.
***
Кердең-кердең келбетін,
Кекжиетін бастық бар.
Кеп ішінде тек езім,‒
деп жүретін бастық бар.
болса ондай бастықтар
бірер ақыл естп қал!
Жырдың кешіп теңізін
Мұра боп соңғы ұрпаққа
Салынып жырмен тек ізің.
Ақыры кешіп келдің бе
Поэзияның теңізін?!
Маңғол мен қазақ жалғаса
Жататын бейне сырласым.
«Ту 104» сіре болмаса
Жырларың сыймай қалмасын.
Алтайдың тауын аралап
Қаншалық нерлі сыр таптың.
Қазақ тіл білмей тұрғанда
Ізгілік жанмен тіл қаттың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу