17.02.2022
  4520


Автор: Жібек Ысқақова

Нағашы атама

Нағашы ата, қарапайым жаныңыз,
Қуанышта ата берсін таңыңыз.
Жиендерді ойлап әркез жүретін,
Қандай жақсы сіздің ата барыңыз.

Батаңызды арнап бізге жүресіз,
Адалдықта ата өмір сүресіз.
Әрбір істі бабыменен орындап,
Жақсылыққа ата құлақ түресіз.

Амандықта болшы ата тілерім,
Жаратқаным өзіңізге жар болып.
Нағашы ата саулығыңыз мықты боп,
Ортамызда жүріңізші бар болып.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу