Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  195


Автор: Берімбай Ысқақұлы

* * *

Құйғанында Бардамның
Ікей батыр туыпты
Алтайдың шербет суымен
Кіндік қанын жуыпты!
Жиырмасыншы жылдарда
Ақ орыстан үрікті.
Тарихтан бұл сыр анықты,
Хобдаға үркіп барыпты.
Оралғанда ел мекенге,
Зеңгі Қажы ауылы
Ұлақшыңда қалыпты.
Дэлүүнде ертеде,
Жұмыстап жүн мойкеде,
Алтайдың Ікей батыры
Дэлүүндік болыпты!
Бас идік батыр рухына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу