Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  4582


Автор: Таныстыру сөздері

Үлкендерге, топтық сайыс

Топтың аты: «Желтоқсан желі» тобы
Топтың ұраны: «Желтоқсан желі ызғарлы, Жүрегіміз сыздады»

Ассалаумалейкум дара халқым,
Амандасу бұрыннан ата-салтым.
«Желтоқсанның желі» тобы ортаңызда,
Түсінетін қашанда сөздің парқын.

«Желтоқсан желі ызғарлы» ұранымыз,
Қайрат пен Сабиралар үнін қосқан.
Ләззат боп айтылатын жыр-әніміз,
Азаттықты аңсаған, күнін тосқан.

Кеудемізді от жалын шарпып өтер,
Желтоқсанның ызғарын сезіп жүрек.
Сол жастардың жалғасы мына біздер,
Сыйластықта жүрегіміз бірге үндеп.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жасмина
Жасмина 29.02.2024 23:29
Наурыз таныстыру

Пікір жазу