Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  3289


Автор: Таныстыру сөздері

Балабақша балаларына (топты таныстыру)

Топтың аты: «Айдана» тобы
Топтың ұраны: «Айдана, Айдана, Тыңдар бала қай бала?!»

Біз «Айдана» тобымыз,
Бөлек біздің жөніміз.
Сәлемдесіп алайық,
Білеміз ғой оны біз.

«Айдана, Айдана,
Тыңдар бала қай бала?!»
Ұранымен шырқаймыз,
Ортаны біз айнала.

Біздің топтың балдары,
Үздік бәрі шетінен.
Тәрбиелі, өнерлі,
Кетпейді олар бетімен.

Айданамыз, Айдана,
Күлімдейтін жәй ғана.
Біз біргеміз, біздің топ,
Ұша алады айға да!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу