Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  4391


Автор: Таныстыру сөздері

Топты таныстыру (балабақшада)

Топтың аты: «Құлагер» тобы
Топтың ұраны: «Біз тәп-тәтті баламыз, Айтқан тілді аламыз!»

Біз тәп-тәтті баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Тобымызда бәрі үздік,
Жұлдыздайын жанамыз.

Топтың аты — «Құлагер»,
Шаң қаптырып шабамыз.
Бірінші боп мәреге,
Біздер жетіп барамыз!

«Біз тәп-тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз».
Ұрандатып осылай,
Көкке қанат қағамыз!

Біз біргеміз, біз үздік,
Жеңісті біз аламыз!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу