17.02.2022
  4069


Автор: Алғыс айту күні

Баршаңызға көп рахмет!

Ата-ана, бауырлар,
Жиналған жұрт, қауымдар.
Туған-туыс, ауылдар,
Баршаңызға көп рахмет!

Жиендер мен нағашы,
Қазақ елі, Алашы,
Атырау, Алтай арасы,
Баршаңызға көп рахмет!

Қатем болса кешірген,
Мерейімді өсірген.
Жандарға да есірген,
Баршаңызға көп рахмет!

Бар жақсысын арнайтын,
Үзілсе жіп, жалғайтын,
Жақын жандар қолдайтын,
Баршаңызға көп рахмет!

Тыныш заман орнасын,
Жаратқаным қолдасын,
Қиындықтар болмасын,
Баршаңызға көп рахмет!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу