17.02.2022
  7769


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айтам бәріңе!

Бүгін бірі наурыздың,
Алғыс айтам бәріңе.
Жүректегі сөзіммен,
Үлкен кіші, кәріңе.

Атар таңға мың алғыс,
Шапағатын сыйлайтын.
Батар күнге алғыс көп,
Мейрімдігін жинайтын.

Әкелерге мың алғыс,
Саналы ұрпақ өсірер.
Аналарға алғыс көп,
Қатемізді кешірер.

Балаларға мың алғыс,
Қуанышын арнайтын.
Ағайынға алғыс көп,
Жамандыққа бармайтын.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мадина
Мадина 28.02.2022 17:05
??????❤

Пікір жазу