17.02.2022
  3323


Автор: Алғыс айту күні

Ұстаздарға мың алғыс!

Балабақша күнінен тәрбие берер,
Ұстаздардың әрбірі елден ерек.
Гүл көктемнің алғашқы күнінде бұл,
Ұстаздарға алғысты айтқым келед(і).

Сыйластықпен үн қатып, білім берген,
Ұстаздарға мың алғыс, көп рахмет.
Білімі мен іліммен сусындатқан,
Ұстаздарға әрқашан бізден құрмет.

Ұстаздарым құрметтім, қадырменді,
Бас иеміз сіздерге, алғыс айтып.
Бар жақсыны біздерге ұсынасыз,
Руханилық тұрғыда бізді бай қып.

Амандықта болыңыз, ұстаздарым,
Шаттықта боп қуаныш, бақыт орнап.
Жаратқаным жар болсын сіздерге тек,
Бар жақсысын арнайы сізге жолдап.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу