Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  1233


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Көктемнің ең алғашқы күнінде бұл,
Алғыс айту бәрімізге парыз екен.
Құтты болсын «алғыс айту» күні бұл,
Мейрімдіктің күйіне жетелеген.

Аспандағы Күн, Айға алғыс айтам,
Уақытымен айналып шығып тұрған.
Жұлдыздарға мың алғыс жалт-жұлт еткен,
Күйімізді төбеден ұғып тұрған.

Барша адамға мың алғыс шын жүректен,
Сыйластықпен үн қатып, күлімдеткен.
Ата-анама мың алғыс, рахыметім,
Күнімізге шуақты нұрын сепкен.

Бауырларға мың алғыс, аға-әпке,
Сіңлілерге көп рахмет, інілерге.
Сіздерменен күніміз шаттықты өтер,
Уақытымыз көп болып күлімдеуге.

Туған-туыс ағайын сіздерге алғыс,
Жүрегімнен шыққан сөз, қабылдаңыз.
Жаратқанға мың алғыс, шүкір етіп,
Дұға қылып, шын жүректен жалынамыз!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу