Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  147


Автор: Берімбай Ысқақұлы

* * *

Пьесасында Әбішов,
Роль үшін жаны ұшып.
«Кім менің екем? пьесада»
Василий болған танысып.
Шығармасында Шыңғыстың,
«Жер – Анада» ойнап тұңғыш бұл.
Сұлтанқұл сынды рольді
Ойнаған екен тым күшті.
Бар билігі қолында,
Байлық толы жолында.
Абдрахман кепес болыпты
Гогольдің «Ревизорында».
Кедімгі «Жұмбақ тебеде»
Ойнаған ол мас тереге.
Операда осы тамаша
Жетіпті арман мереге!
Козы-Керпеште ойнап Жантықты,
Жантықты елге танытыпты.
Жүрекке Әбең ұялап
Сонымен беделі артыпты.
Ойнаған соң Жантықты
Әбеңді ел жан тартыпты.
Қазақтың енер шыңында
Жантықтың орыны артық-ты!
Қапан Сатыбалдин-ды,
«Қабаған итін» алдырды.
Арғынбай болып пьесада
Асыра бағын жандырды.
Сеті жоқ бағы жанбаған,
Су – жорға ол, есте танбаған.
«Қыз-Жібекте» Базарбай
релін жақсы сомдаған.
«Сандуғашта» Ізбасар,
Керінбейді бізге осал.
Шеберліктің белгісі
Ел жадында жүз жасар.
Жаманмен Байыт сырласпас,
Пернесін ойдың құр баспас.
Бас есепші пьесада
«Бажалар бас тырнаспас»!
Киносында Уламбаярдың,
Атағы елге жайылды.
Сағатбай болып, «Хилдээр» - де,
Шығарма жақсы қойылды.
Дастархан даяр жаюды,
Чеховтай ойлап баюды.
Алыпты алғыс ел-жұрттан
«Аюда» ойнап аюды.
Хикаясында бойдақтың,
Талайды бірге тойлаттың.
Керіністерге күлдіргі
күлкіге елді бойлаттың.
Белгілі актер қашаннан,
Әйел де болып босанған.
Мысқылымен елді қарық қып,
Күлкіден елі шашалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу